Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу кезінде жаңа квоталар енгізілуде

Просмотров: 29
Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 31 шілдедегі бұйрықпен жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекітті, деп хабарлайды 247media.kz

Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау квоталары белгіленетін болады:

  • бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар қатарындағы азаматтар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар – 2% (қазір квота 1% құрайды);
  • басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер-0,2% (қазір – 0,5%);
  • бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар – 2% (қазір-1%);
  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген ҚР азаматтары-2,5% (бұрын бұл квота болмаған).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған