Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Просмотров: 14

Қазақстандық балуан Ислам Евлоев Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық қос балуан финалға шығып, Ислам Евлоев чемпион атанды. Грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Евлоев финалда әлемдік рейтингте 7-орында тұрған түркиялық балуан Альперен Белберді 9:3 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Турнир барысында отандасымыз Чехия, Германия, Қытай балуандарынан басым түсті.

Сондай-ақ 67 келіде алтын жүлдеге таласқан  Юсуф Ашрапов финалда қарсыласына есе жіберіп, күмісті қанағат етті. Осылайша, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Испаниядағы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Айтбеков (55 келі), Оңдасын Хамитов (60 келі) және Темірлан Тұрдақынның (87 келі) қола медаль жеңіп алғанын жазған едік. .

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған