«Бәрін ұрлайды». Hamster Kombat ойнындағы алаяқтар қалай әрекет етеді

Просмотров: 32
Сарапшылар танымал Hamster Kombat ойынын мысалға ала отырып, желідегі «криптотредтердің» қауіпті тұстарын тарқатып айтып берді, деп хабарлайды  247media.kz
Қазіргі сәтке бұл ойынды 100 млн пайдаланушы ойнауда. Олардың барлығы «листингті» күтуде. Ойыншыларға таяуда бұл валютаның криптобиржаға шығатыны және бүгінгі күні сауда-саттықта белсенді қолданылып жатқан Telegram мессенджерінің қолданыстағы монетасы – TON-ға байланыстырылатыны жөнінде уәде етілген.

Мамандар бұл араны да алаяқтар иектейтін болғандықтан, ел азаматтарына ақшасынан айырылу қаупі барын ескертті.

Тегін дүниеге құмарларды алдау схемасының бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы адамның ашкөздігін пайдаланып, тікелей алдау арқылы оның шоттары мен төлем карталарына қол жеткізу болып табылады.

«Ойында белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін қаскүнемдер әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы  ойынға қатысушыларға ойын валютасын не аккаунтты тұтастай сатып алу туралы қызықтыратын  ұсыныс жасайды. Олар әжептәуір сыйақы ұсынады, өзін криптосарапшы ретінде көрсетпекші болып,  арнайы терминдерді қолданып, сөзге тартады. Олардың басты мақсаты – пайдаланушының банктік картасының деректерін алу немесе оның интернет-банкингіне қол жеткізу және одан неғұрлым көп ақша шығарып алып, ізсіз жоқ болу», делінген fingramota сайтында.

Сарапшылар танымал Hamster Kombat ойынын мысалға ала отырып, желідегі «криптотредтердің» қауіпті тұстарын тарқатып айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі сәтке бұл ойынды 100 млн пайдаланушы ойнауда. Олардың барлығы «листингті» күтуде. Ойыншыларға таяуда бұл валютаның криптобиржаға шығатыны және бүгінгі күні сауда-саттықта белсенді қолданылып жатқан Telegram мессенджерінің қолданыстағы монетасы – TON-ға байланыстырылатыны жөнінде уәде етілген.

Мамандар бұл араны да алаяқтар иектейтін болғандықтан, ел азаматтарына ақшасынан айырылу қаупі барын ескертті.

Тегін дүниеге құмарларды алдау схемасының бірнеше түрі бар. Оның ең бастысы адамның ашкөздігін пайдаланып, тікелей алдау арқылы оның шоттары мен төлем карталарына қол жеткізу болып табылады.

«Ойында белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін қаскүнемдер әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы  ойынға қатысушыларға ойын валютасын не аккаунтты тұтастай сатып алу туралы қызықтыратын  ұсыныс жасайды. Олар әжептәуір сыйақы ұсынады, өзін криптосарапшы ретінде көрсетпекші болып,  арнайы терминдерді қолданып, сөзге тартады. Олардың басты мақсаты – пайдаланушының банктік картасының деректерін алу немесе оның интернет-банкингіне қол жеткізу және одан неғұрлым көп ақша шығарып алып, ізсіз жоқ болу», делінген fingramota сайтында.

Екінші тәуекел – бұл жеке деректердің, сондай-ақ ойыншылардың байланыс деректері мен медиа файлдарының заңсыз жария болуы. Сонымен бірге аккаунтты сатып аламын деген сылтауымен алаяқтар пайдаланушының құрылғысына қашықтан қосылуын сұрайды не компьютерден немесе мобильді телефоннан файлдарды жүктеуге сұрату жібереді. Алынған мәліметтер одан әрі алаяқтық схемалар немесе бопсалау үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Және бұдан да ауыр қылмыстық схема бар: алаяқтар ойыншыларға делдал болуды ұсынады, яғни олардың картасы транзиттік карта ретінде қолданылады. Алаяқтар ақшаны ойыншының картасына аударады, оларға қаражаттың бір бөлігін өздеріне қалдыруды, ал қалған аударымдарды криптовалюталар арқылы жасауды ұсынады. Егер аңғал ойыншы келіссе, онда ол ақшаны жылыстату және заңдастыру немесе терроризмді қаржыландыру схемасына қатысушы болып шыға келеді. Бұл тіпті қылмыстық қудалауға ұшырау қаупін төндіруі мүмкін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған