Белсенді студенттердің көшпелі активі өтті

Просмотров: 156

2022  жылдың   9-11 қыркүйегі аралығында Қарқалы  ауданында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің көшпелі активі өтті.   Іс-шараны   Қарағанды облысының  жастар саясаты  мәселелері жөніндегі   басқармасының   «жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау» жобасы аясында   «Қарағанды облысының жұмысшы жастар одағы» ҚБ ұйымдастырды.

             Жобаның мақсаты: әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын игеру арқылы жастардың қазіргі қоғам жағдайында өзін-өзі жүзеге асыруға жеке дайындығын қалыптастыру.  Іріктелген 30 белсенді көшбасшы студенттерді біріктіру, олардың арасындағы қарым-қатынасты орнату, елдегі және қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа өзгерістер туралы пікір қалыптастыру.

Көшпелі активтің  қатысушылары   облыстың  конкурстық іріктеуден өткен ең белсенді  30 студенті.

Актив Қарқаралы ауданының демалыс аймағында 3 күн бойы өтеді. Бірінші күні активке қатысушылар Қарағандыдан жолға шығып, Бұқар Жырау ауданының жастарына арналған мастер-кластар ұйымдастырды. Күннің екінші жартысында актив қатысушылары Қарқаралы ауданының  жастарымен кездесіп, оқушы жастарға тренингтер өткізіп, тәжірбие алмасты.

Актив жұмысына Қарағанды облысының  жастар саясаты  мәселелері жөніндегі   басқармасының басшысы Таран  Рауан Азаматұлы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ  еңбек  қатынастары жөніндегі директоры Қуаныш Сағадат Бағдатұлы қатысты.    Актив қатысушыларына оқытуларды  Қазақстан  дебат федерациясының президенті Болат Бұқарбай, псиолог-тренер Абдрахманова Зухра Отанқызы өткізді.

Жастарға  Қарқаралы  ауданының тарихи    жерлері табиғатымен танысу мақсатында екі күн  бойы экскурсиялар  ұйымдастырылды.

Активтің үшінші  күні студент жастармен пікір-талас алаңы құрылып, Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы жастардың  ролі талқыланды. Актив жұмысы  қорытындыланып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған