Биыл көлік апаттарынан 981 адам қайтыс болды
Жыл басынан бері елімізде 10 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 981 адам қайтыс болған, деп хабарлайды 247media.kz
Ал 12 мыңнан астам адам жарақат алған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл сайын кем дегенде 2 мың адам жол апатынан көз жұмады. Бұл тұста ведомство жолдағы тәртіптің төмендігін алға тартады. Жүргізушілер тиісті ережелерді пысқырмай, оны жүйелі түрде өрескел бұзады екен. Мәселен, биылғы жарты жылдың өзінде жол ережесін сақтамаудың 6 миллионға жуық дерегі тіркелген. Оның ішінде 200 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салыныпты. 12 мыңнан астам азамат рөлде мас күйінде ұсталса, қарсы жолаққа шыққандардың саны 5 мыңға жеткен. Соттың шешімімен 14 мыңға жуық жүргізуші автокөлік басқару құқығынан айырылды. Ал 12 мыңнан астам құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.