Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы финалға өте алмады

Просмотров: 48

Бүгін Олимпиада қарсаңында жарыс жолына шыққан кей отандастарымыздың нәтижесі белгісі болды.

Нысана көздеуден Александра Ле үздік 6 спортшының қатарынан көрінсе, семсерші Әйгерім Сарыбай сайысты 2-ші айналымнан аяқтады. Сондай-ақ садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы да жеңіліп қалды. Бүгін бірнеше спортшымыз өнер көрсетті.

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы финалға өте алмады

Бүгін жарыс жолына алғашқылардың бірі болып нысана көздеуден Қазақстан құрамасының мүшелері Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова шықты. Отандастарымыз пневматикалық тапаншамен оқ атудан сынға түсіп, сайыста 575 ұпай жинады. Нәтижесінде 11-ші орынға жайғасып, финалға өте алмады.

Садақ атудан Қазақстан Италияға есе жіберді

Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы да жеңіліс тапты. Олар 1/8 айналымда Италия спортшыларымен кездесіп, 4:5 есебімен жол берді. Бұл сында ел атынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко шыққан еді.

 

Олимпиада чемпиондарының сыйақысы

Қолданылған материалдарға міндетті түрде 247media.kzсайтына гиперсілтеме берілуі тиіс Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері өзгерген жоқ. Әдеттегідей бірінші орынға 250 мың доллар, күміске 150 мың, қолаға 75 мың доллар беріледі. Төртінші және алтыншы орын алғандарға 5 мың мен 30 мың доллар аралығында төленеді. Сондай-ақ чемпиондар мен жүлдегерлерді дайындаған бірінші, жеке және бас бапкерлерге қосымша ақшалай ынталандыру қарастырылған. Егер спортшы әлемдік рекорд орнатқан жағдайда тағы 5 мың доллар, жаттықтырушысы 3 мың доллар алады.

Елсияр Қанағатов, Олимпиада және Параолимпиада дайындық штабының басшысы:

– Сыйақы ол мемлекет тарапынан. Одан басқа әрбір федерация бар, кәсіпкерлер, жергілікті атқарушы органдар бар. Егер жеңіп жатса, біз марапаттау жағынан кем қылмаймыз. Әрқашанда жақсы марапат болады.

Қазақстан Олимпиада ойындарында спортшыларды ынталандыру жағынан үздік 10 елдің қатарына кіреді. Бұл тұрғыда Сингапур мемлекеті көш бастап тұр. Олар бірінші орынға 737 мың доллар беруге дайын. Екінші орында Тайвань – 719 мың доллор, үшінші сатыда Гонконг – 644 мың доллор, 4-ші орында Израиль – 640 мың доллор, 5-те Түркия – 380 мың доллор, 6-шы орында Индонезия – 346 мың доллор, 7-де Қазақстан – 250 мың доллор, 8-ші орында Малайзия – 236 мың доллор, Әзербайжан – 235 мың доллор. 10-шы орынды Еуропа елдерінен Италия түйіндеп тұр. Олар 212 мың доллор беруге дайын.

Бүгін жарыс жолына шығатындар

Париж Олимпиадасының 3-ші күні жарыс жолына шығатындар туралы ақпарат бере кетсек. Бүгін Астана уақытымен 18:40-та бадминтоннан Дмитрий Панарин іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Түнгі 11-де үстел теннисінен Кирилл Герасименко да шығады. Ол 2-ші айналымнан бастайды. Сондай-ақ түнгі 12-де бокстан 63,5 келіде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға көтеріледі. Отандасымыз 1/8 айналымда Тайвань боксшысымен жұдырықтасады. Артынша аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы жекпе-жегін испандық спортшыға қарсы өткізеді.

  Жалпы командалық есеп

Қазақстан құрамасы әзірге жалпы командалық есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 8-ші орында тұр. Көш басында Жапония мен Оңтүстік Корея. Қоржындарында 4 алтын бар. Үздік үштікті Аустралия түйіндеп тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған