Екі дүркін олимпиада чемпионы Давид Дегтярёв ұландықтар мен жүздесті

Просмотров: 12

      Ағымдағы жылдың 20 қазан күні ауыр атлетика спортының майталманы, екі дүркін параолимпиада жеңімпазы Давид Дегтярёв Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінің сарбаздарымен жүздесті.   Аталмыш кездесуге әскери бөлімнің 250 ге жуық сарбазы қатысып, атақты спортшыға өздерінің көкейтесті сұрақтарын қоя алды.

Атақты спортшы спортпен 2016 жылдан бастап айналысып бастаған. Кездесу аясында, атақты спортшы алға қойған мақсаттарға тек ерең еңбектің арқасында жетуге болатының атап өтті. Кездесу аясында, әскери бөлім басшылығы, спортшыға сарбаздар тынығатын казармаларды, тамақтанатын асханаларды көрсетті.

Бұл кездесу мен үшін ерекше. Себебі, мен отан алдындағы борышын өтеп, еліне адал қызмет атқаратын адамдарды жақсы көремін. Әскери қызметкерлердің жұмысының мақсаты менікімен бірдей десем де артық етпес. Себебі, біздер ел мүддесі үшін, көк байрағымызды биікке шығару үшін қызмет етеміз-деп атап өтті Давид Дегтярёв.

Сондай-ақ, кездесу аясында, отан қорғаушылар атақты спортшыға өз сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар ала алды. Кездесу соңғы топтық фото суретке түсімен аяқталды.

Айта кетейік, Давид Дегтярёв 2020 жылы Токио, 2024 жылы Париж қалаларында өткен параолимпиаданың жеңімпазы. Сондай-ақ,  Барыс орденінің иегері болып табылады.

                                           

                                                                                                                                                                                                           ҚР ҰҰ ІІМ «Орталық ӨңҚ   Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған