Еліміздегі мектеп оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді

Просмотров: 15
Қазір мектептегі балалардың 70-80 пайызының көру қабілеті нашар. Қазақстандық офтальмологтар осылай дейді.

Олардың айтуынша, қазір ата-аналар балаларын алдыңғы парталарға отырғызуға тырысады. Өйткені перзенттерінің көзі нашар көреді.

Мамандар бұл гаджедтердің әсерінен болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар электронды құрылғыларға әуес.

Осының салдарынан көбінде миопия және амблиопия сырқаттары пайда болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл – көз кемістігі, затты көзге тақап ұстаудан пайда болады.

Айта кету керек, баланың көру қабілеті туғаннан бастап 6-7 жасқа дейін дамиды. Сондықтан осы уақытта баланың денсаулығына мұқият мән берген жөн.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған