Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді

Просмотров: 11

Қарағанды қаласының жастары арасында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту тәсілдері, «дропперлік» ұғымы, вейп өнімдерін тарату мен банк карталарын беруге қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірме берілді. Сондай-ақ, жеке жинақтарды қорғау бойынша практикалық кеңестер ұсынылды. Іс-шара бейнероликтер мен таныстырылымдар арқылы сүйемелденді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, заңнама талаптарын сақтауға үйретіп, экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алуда маңызды құрал болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған