Елордада салт аттылар шеруі өтті

Просмотров: 36

Елордада отызға жуық шабандоз салт аттылар шеруін өткізді.

 

Олар «Барыс Арена» спорт кешенінен бастап, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына дейін қаланы атпен аралады. Бұқар жырау, Түркістан, Орынбор, Ақмешіт, Достық көшелерін және Қабанбай батыр даңғылын кезіп өтті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алдында өткен ерекше шарада қазақтың құмай тазысын да кезіктіруге болады. Шабандоздар эстафетаны Жамбыл облысына табыстады. Ұйымдастырушылар мұндай шеруді елдің әр өңірінде өткізуге ұсыныс білдірді.

с

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған