Өзбекстан құрамасындағы ұлты қазақ боксшы Париж олимпиадасын жарқын жеңіспен бастады

Просмотров: 49

Өзбекстан құрамасында қазақ боксшы Руслан Абдуллаев Париж олимпиадасын жарқын жеңіспен бастады. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париж олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан этникалық қазақ Руслан Абдуллаев алғашқы жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті. Алғашқы айналымда мексикалық Мигель Мартинеске қарсы жұдырықтасқан Абдуллаев үш раунд бойы қарсыласына жойқын соққыларын дамытып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. 63,5 келіде сынға түсетін Руслан ширек финалда канадалық Уайетт Сэнфордқа қарсы жұдырықтасады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасында бұл салмақта Мұхамедсабыр Базарбайұлы өнер көрсетіп жатыр. Отандасымыз да алғашқы айналымды сәтті бастап, жеңіске жеткен еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған