«Halyk Bank» АҚ өкілдерімен жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өтті
Қалалық коалиция мүшелері «Halyk Bank» АҚ өкілдерімен жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Басқосу барысында конституциялық бастамалардың мазмұны, олардың ел дамуына ықпалы және қоғам үшін маңызы кеңінен талқыланды.
Тараптар өзара ашық пікір алмасып, реформалардың бағыт-бағдары жөнінде ұсыныс-көзқарастарын білдірді. Әсіресе жаңа Конституция жобасының құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, «Заң мен Тәртіп» ұстанымын жүйелеуге және азаматтық қоғам институттарын дамытуға әсері сөз болды.
Ұйымдастырылған диалог алаңы маңызды реформаларды жан-жақты түсіндіруге, сондай-ақ қоғам мен ірі қаржы институттары арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал етті.

