Жастармен жаңа Конституция жобасы талқыланды

Просмотров: 242

Бүгін халықтық коалиция мүшелері Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында қала жастарының қатысуымен кездесу өткізді. Іс-шараға конституциялық өзгерістерге жоғары қызығушылық танытқан 50-ге жуық жас азамат жиналды.

Кездесуде халықтық коалиция өкілдері Нұрлыхан Қалқаманұлы мен Арман Әбілқасым спикер ретінде сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен олардың қоғам өміріне ықпалына тоқталды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

Шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *