Ұландықтар ауған соғысының ардагерлерін ұлықтады
15 акпан – біз үшін тарихи күн, осыдан 36 жыл бұрын Кеңес әскерлерінің соңғы колоннасы Ауғанстаннан шығарылды. Бүгінде Ауған Демократиялық Республикасында өз қызметтерін атқарған ардагерлерімізге құрмет көрсетілуде.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің командирі полковник Досан Куркенов және бөлім командирінің , тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
подполковник Шухрат Ашимов Ауған соғысының ардагері Александр Степураның үйіне барды. Жүздесу барысында ардагерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан Алтыс хат пен сыйлық табысталды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі