Ұландықтар ел болашағы үшін дауыс беруде

Просмотров: 41

      Ағымдағы жылдың 6 қазан күні елімізде АЭС салуға бағытталған жалпыұлттық референдум өз бастауын алды.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған бұл референдум қазақ халқы үшін маңызды болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік аталмыш бұл референдумға еліміздің 18 жасқа толған кез-келген тұрғыны қатыса алады. Сондай-ақ, аталмыш референдумге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылсығына қатысты барлық әскери бөлімдердің әскери қызметшілері қатысуда. Таңғы 6:00 де ашылған учаскілердің бірінде ең алғаш болып «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков және өңірлік қолбасшылыққа қарасты барлық әскери бөлімдердің командирлері  дауыс берді. Сондай-ақ, отан алдындағы борыштарын атқарып жүрген әрбір ұландық бүгінгі күні референдумда дауыс беруге қатысады.

  • Атом электр станциясының салуына байланысты болып жатқан бұл референдум еліміз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірге жасалуы тиіс. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек- деп атап өтті «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков.

Естеріңізге сала кетейік, ел болашағы үшін маңызды болып табылатын аталмыш реферумда дауыс беру 6 қазан күні кешкі сағат 20:00 ге дейін өз жалғасын табады.

 

ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған