Ұландықтар Ұлттық ұлан батыры мен кездесті
6 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің 2-2024 шақырылымының жас сарбаздары Ұлттық ұланның батыры атанған майор Ербол Отарбаевпен кездесті.
- Бұл іс-шараны ұйымдастырған 6637 әскери бөлімінің басшылығына алғысымды айтамын. Себебі мен офицер болсамда, өзімнің әскери қызмет атқарған күнімді ешқашан ұмытпаймын. Ұлттық ұланның әрбір сарбазы мендегі бар батырлық пен қайсарлық ие екеніне мен сенемін- деп атап өтті майор Ербол Отарбаев.
Іс-шара аясында Ұлттық ұлан батыры атанған майор Ербол Отарбаев сарбаздарға өзінің сарбаз күндері, алғашқы офицерлік әскери шенің алғандағы сезімдері, ұлттық ұлан сапында қызмет атқару туралы толық ақпарат беріп кетті. Өз кезегінде 6637 әскери бөлімінің сарбаздары көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойып мардымды жауаптарын да алды.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан 15 жыл бұрын сарбаз болып жүрген Ербол Отарбаев 22 маусым күні Ақтау қаласындағы қатаң тәртіпті түрмеден қашпақ болған 22 сотталушыға қарсы 6-бекетте тұрып жарғыға сәйкес іс-қимылдар танытып жалғыз өзі төтеп берген болатын. Атқарған қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 3 дәрежелі Айбын орденімен марапатталған болатын.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі