Ұландық жауынгер әлем біріншілігінде топ жарды
Ағымдағы жылдың 25-29 күн аралығында Греция мемлекетінің Иракон қаласында джиу-джитсудан әлем біріншілігі өткізілген болатын. Аталмыш сайысқа 58 мемлекеттен 970 ке жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасы бұл сайысқа 20 дан астам спортшы апарды. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада еліміздің намысын Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасы 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкері Малик Байсұлтановта қорғады. 62 келі салмағында бақ сынасқан ұландық өзінің біліктілігінің арқасында үздік үштікке ілікті. Ал, жарыс жеңімпаздарына арнайы грамоталар мен медальдар табысталды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі