Әлемдік нарықта бидай мен арпа бағасы қымбаттап барады
Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы Халықаралық астық кеңесінің мәліметі бойынша 216 АҚШ долларына бағаланды. Бұл логистика құнын ($90/т) алып тастағанда, қазақстандық бидайдың бағасы 61 мың теңге/т болды деген сөз, деп хабарлайды 247media.kz ақпарат агенттігі.
Алайда Қара теңіздегі бидайдың бағасы тоннасына 250 долларға дейін немесе теңгемен есептегенде 78 мың теңге/тоннағадейін өсті.
АШМ мәліметінше, экспорттық бағадан кейін Ресей нарығындағы бағалар қымбаттады. Қазіргі уақытта Омбы облысында 23% клейковинасы бар 3-сыныпты бидайдың бағасы 14,5 мың рубль/т құрайды. Көлік шығындарын (2 мың рубль/тонна), кіріс ҚҚС төлеуді ескере отырып, Көкшетаудағы ресейлік бидайдың бағасы 84 мың теңге/тоннаны құрайды.
Қазіргі қазақстандық баға 74-81 мың теңге/тонна кезінде, отандық өндірушілер қолайлы бәсекелестік жағдайға ие.
Орталық Азия елдерінің сатып алушыларының ұсынысы қазір ресейлік баға деңгейіне негізделген 65-70 мың теңге/тонна деңгейінде. Бұл ретте, 23% клейковинасы бар бидай үшін 75 мың теңге/тоннаға дейін өсуге мүмкіндік бар, өйткені бұл нарықтар үшін мұндай бағадағы бидайдың балама жеткізілімі жоқ.
Осыған ұқсас жағдай арпа бойынша да қалыптасуда: Қара теңіздегі экспорттық арпаның ағымдағы бағасы 206 АҚШ долларына дейін көтерілді және одан әрі өсу тенденциясы сақталуда. Бұл ретте қазақстандық арпа қазір Ақтау портында 165-168 доллар/т. Сондай-ақ кем дегенде 175-185 АҚШ доллары/т деңгейіне дейін өсуге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда арпа бағасы тоннасына 47-50 мың теңге/тоннадан кем дегенде 55-60 мың теңгеге дейін көтеріледі.