Әлихан Бөкейханның қанатты сөздері

Просмотров: 3

Қазақ зиялыларының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың қазақ еліне сіңірген пайдасы мен үлесі мол. Келер ұрпаққа мол мұра қалдырған ғалымның ел игілігіне айналған нақыл сөздерімен таныс бола отырыңыздар.

* Жігіттігі бар жігітті жүдетіп, меселін қайтармаған жөн.

* Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса – қазақ халқы соңынан ерер еді.

* Білімнен мақсат шықпайды.

* Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

* Еуропада халық партия болғанда адаспас ақ жол табамыз деп, адам аспас асқар белден асамыз деп, жұрт ілгері басатын іс қыламыз деп таласады.

* Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса – башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып жалаңаш шыға келеді.

* Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молда үкіметтен ақша алса – сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалақы алған молдалар үкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса – үкімет ісін бөліп қойған оң болады.

* Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

* Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.

* Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды.

* Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонып, момынды жылатып іздеген мырзалар – қысты күні үңгірде жатып өз аяғын өзі сорған аю тәрізді.

* Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу-өнер болмайды.

* Орыс патшалығының адам болып отырғаны – мұжықтың әділдігі. Орыс патшалығының бар адамының күнестік отырғаны – мұжықтың жанкештілігі (жаһитшілдігі).

* Бұралқы – бүлікке.

* Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса – мұндай жұртта береке қайдан болсын?!

* Қазақ жұртының шырақ алып, түзу жолға бастар жігіттері қайда?!

* Хан баласында қазақтың хақысы бар: қалайда қазақтың бір қызметіне жарамай қоймаймын!

* Әкім халықтың көбіне сүйінсе күшті болады.

* Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар.

* Бізде болыс көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды.

* Ел берекесі кетуінің түпкі себебі – қазақта бірліктің жоқтығы.

* Болысқа орысша хат білу – тілмәштарға құл болмау үшін керек.

* Болыс болуға лайықты кісі – халық пайдасын білетін, жөн мен жол көрген, жұрт сөзін тыңдай да, құрметтей де алатын кісі.

* Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

* Тіршіліктегі – жүйріктік – ақылда, ұсталық пен жанкештілікте.

* Жұртқа әділ би пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тыңдаған, билігін орнына жұмсайтын, арам жемейтін, іс білетін, ел мүддесін ашық қорғай алатын болыс пайдалы.

* Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

* Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады.

* Түзу қалам – қисайған, өткір қалам – мүжілген заман.

* Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады.

* Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық байлық пен қазына мал кіндігінде деп біледі.

* Халық ісін орнын салуға көп ақыл, көп қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс керек.

* Тіршілік-ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау-әдіс. Кім шебер болса, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп-тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек балапанынша ауызды ашып, біреуге жалынып-жалпая бергеннен түк шықпайды, іс өнбейді. «Заманың түлкі болса – тазы боп шал» деген де – балапан болмай, әдіс қыл деген ғой.

* Бөтен кісі қазаққа ешқайдан ештеңе жақсылық әкеп бермейді.

* Кедей – тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас – атымды шығарамын деп, надан ақсақал – кек аламын деп ұрлық жасайды.

* Өз күшіне сенбеген адам да, халық та ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

* Біреуге телмірген адамнан яки халықтан – қосақ түрткен жетім лақ бақытты.

* «Күн шыққанша қарау көзді соқыр қылады» деген орыстың өзгеге телмірген жұртқа шығарған мәтелі бар.

* Заң – адам пайдасына жазылады, адам – заң үшін тумайды ғой.

* Көкіректе сайрап тұр, қолды заман байлап тұр.

* Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң – саған ақыл не керек?!

* Қанша ұзынмын десе де, адам бойының шамасы белгілі.

* Бұл жұрт жұмысын жұрт болып іздемес пе еді?!

* Адам жылап отырса – оның орнына келген заң қарпі не опа бере алады?!

* Шыңғыс хан дүниені алды – артында түк белгі қалған жоқ. Ақсақ Темір дүниені алмаса да – артында Самарқанд, мешіт, медіреседей белгі қалды. Шыңғыс – көшпелі, Ақсақ Темір – отырықшы.

* Австралия қойының еті төрт ай мұхитта кемемен жэүріп келіп, Петербург базарында сатылады. Малы көшіп жүр, адамы қала болып отыр.

* Қазақ жері – мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе де мал баққан.

* Атқыштың асығы түгел.

* Ғұмыр ісі заң хатына қашан сыйған?!

* Зауыт ісі жұрттың жалпы шебер, көнбіс, ұста болуына байлаулы.

* Ғұсмания түркі тарихы бойынша біздің қазақтың Жетісудағы қаңлы деген руы ауа райы, жері келісті Еуропаға барып, мал бағуды қойып, өзге шаруаға айналып отыр.

* Жапонда кісі қажетіне жаратылмаған алақандай жер жоқ. Онда мұндай ыждаһатты жанкештілік болмаса аштан өлесің.

* Мал һәм егін шаруасымен айналысу отырған-көшкенге байланысты емес, жеріне, жерінің ауа-райына қарай айқындалады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі.

* Адам баласы бір-біріне өкімші де, құл да болған.

* Әр замананың өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім құқына таласу, хұқына тартысу болады. Жылау салты артта қалды.

* Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу – аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік.

* Зауыт ісі жүріп кетуі үшін жылқы жайлауындағы боз дала мен тұнық судай мәдениет ахуалы қажет.

* Біздің халықтың үйшісі, ұстасы қалыпты.

* Мәдениет әмірі – құдірет әмірі.

* Әр нәрсенің амалын біліп, өз орнына жұмсағанда ғана іс көркейеді.

* Адам қызметі кіріспей қазына тумайды.

* Ғылым есебінде, қазақ жұртының жалпы шаңырағында 24 қойдан келеді, бір шаңырағына – 240 десятинадан жер келеді.

* Біздің қазақ сиыры осы қазақ жерін жайлағанға ғылым жолында сегіз мың жыл болған.

* Профессор Кулешовтың жазғанына қарасақ, қазақтың қойының етіндей жер үстінде ет жоқ.

* Мал тұяғы – қазына.

* Бір өнер қылған екі кісіге тар жер – екі өнер қылған екі кісіге кең болады.

* Байлық басы көпке байлаулы емес – базарда ақша болатынға байлаулы.

* Би – түзу, билік – әділ болсын!

* Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

* Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.

* Бұл ғұмыр тойына шақырылған көптің бәрі бірдей өз өнеріне тиісті орын ала бермейді.

* Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады.

* Еуропада газета – өмір айнасы: өмірде не болса – бәрі газетадан көрініп тұрады. Газетаны оқып жұрт өзін-өзі көреді, өзін-өзі танып-біледі.

* Керекті жақсы сөздер тозбайды.

* Анық түрік затты халық тілі – біздің қазақ тілі.

* Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар!

* Еуропа патшалықтарының түзу деген құр аты болмаса, іс жүзінде – бір-біріне қасқыр. Тарих жүзінде Еуропа Азия жұртының бетіне Шыңғыс хан һәм Ақсақ Темір ісін басады. Осы екі  патша қанша жәбір іс қылды деп. Бұлар өз уақытында заманына қарай іс қылғаны рас.  Ал осы ХХ ғасырда Еуропа патшаларының қылған ісін кім ақтап ала алады? Бұлардың қайсысы қолынан келсе Шыңғыс хан һәм Темірлан болмайын дейді…

* Алтынға кім қисаймаған.

* Саясат ісі мәдениет соқпағына анық түскен жұрттың саяси партиясы аз болады.

* «Құрықсыз сөз» дейтін бір сөз болады.

* Жанайқай: қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз?!

* «Жамандықты – ұмыт, жақсылыққа – ұмтыл» деген мәтел бар.

* Қазақ-ау! Оян! Мұжық көші жүріп кеткенде – жұртта қалып жүрме!

* Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса – тарих жолында тезек теріп қалады. Бақыт пен махаббаттан тысқары болады: бұл екеуі жоқ жұртқа тіршілік неге керек?!

* Бұл болып тұрған заман – Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті! Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүрер алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!

* Қазақтың жылқысындай көнбіс жылқы жер бетінде жоқ, қазақтың қозысының етіндей тәтті ет те жер бетінде жоқ.

* Адам баласы нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды!

Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс!

* В.Г.Короленко – Лев Николаевич Толстойдан кейінгі орыс жұртының бетінің қызылы, ұяты! Жазған неше әдемі кітабынан бөлек қылған ісі көп. Бұл Короленко сондай – оның алдында жамандық қылуға хайуандардың да беті қызарады. Короленконы орыс жұртының «совесі» дейді, қазақша ақ көңіл судьясы деген сөз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған