Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал майор Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің жағдайымен танысты.
Ағымдағы жылдың 16 қараша күні Ішкі Істер Министрінің орынбасары Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөліміне іс-сапармен келді.
Әскери бөлімнің жағдайымен таныуға келген Бас қолбасшыны Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков пен әскери бөлім басшылығы қарсы алды.
Іс-сапар барысында Бас қолбасшы сарбаздардың казармаларын, тамақтанатын ас бөлмелерінің жағдайларын тексерді. Сондай-ақ, Бас қолбасшы Жауынгерлердің жатын орындары мен қолданатын қару-жарақтарының сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар Бас қолбасшы 6637 әскери бөлімінің аға медбикесі сержант Ахметжанова Аққуды, «қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» медалімен марапаттады.
Іс-сапар соныңда Ішкі Істер Министірінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Скендерұлы Балтабеков әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесу өткізді. Әскери қызметшілер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сауалдарына барынша жауап алды.
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі