Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал майор Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің жағдайымен танысты.

 Ағымдағы жылдың 16 қараша күні Ішкі Істер Министрінің орынбасары Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөліміне іс-сапармен келді.

Әскери бөлімнің жағдайымен таныуға келген Бас қолбасшыны Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков пен әскери бөлім басшылығы қарсы алды.

Іс-сапар барысында Бас қолбасшы сарбаздардың казармаларын, тамақтанатын ас бөлмелерінің жағдайларын тексерді. Сондай-ақ, Бас қолбасшы Жауынгерлердің жатын орындары мен қолданатын қару-жарақтарының сапасы да назардан тыс қалған жоқ.  Сонымен қатар Бас қолбасшы 6637 әскери бөлімінің аға медбикесі сержант Ахметжанова Аққуды, «қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» медалімен марапаттады.

Іс-сапар соныңда Ішкі Істер Министірінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Скендерұлы  Балтабеков әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесу өткізді. Әскери қызметшілер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, сауалдарына барынша жауап алды.

 

                                                  ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ Баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Осы тақырыпта