Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 100 күн қалды

Просмотров: 10

29 қаңтар күні — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына тура 100 күн қалып отыр. Аталмыш күнге орай құқықтық тәртіп әскерінде “Жеңіске 100 күн қалғанда” акциясы басталды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер де аталмыш акцияға белсене қатысуда. Атап өтер болсақ, 29 қаңтар күні Ұлттық ұланның Қарағанды қаласында орналасқан әскери бөлімдері Ммәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым ету арқылы акцияның ашылу науқанын өткізді.
— Бұл акция еліміз бен жерімізді қорғап, қазіргі ұрпаққа Жеңіс сыйлаған, бейбіт күн сыйлаған Ұлы отан соғысының ардагер батырларына арналады. Бүгінгі күннен бастап барлық әскери бөлімдерде түрлі іс-шаралап өтіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады, – дейді “Орталық” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Берік Тоқтаров.
Осылайша ұландықтар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды акция аясында кешенді жұмыстар жүргізіп, жас ұрпаққа Жеңіс пен бейбіт өмірдің маңыздылығын жеткізбек.

ҚР ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған