Мемлекеттік кеңесші Е. Қарин: 2019 жылдан бастап Қазақстан азаматтығынан шыққандар саны 16 еседен астам азайды

Просмотров: 7

Мемлекеттік кеңесші Еплан Қарин 2024 жылғы 20 қарашада Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды 247media.kz

Ақорда мәліметінше, жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды.

«Басқосуда Ерлан Қарин соңғы 5 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны азайып келе жатқанын және бұл үрдіс Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін айғақтайтынын атап өтті»,- делінген ақпаратта.

Мысалы, 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, ал 2024 жылдың 10 айында 30 адам азаматтықтан шыққан.

Бұған дейін Ерлан Қариннің қазақстандықтар үшін Жеңіс күні – маңызды әрі қасиетті дата екенін айтқаны хабарланған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған