Қарағанды облысында Telegram және Instagram арқылы есірткі насихаттап жүргендер анықталды

Просмотров: 14

Қарағанды облысының прокуратурасы есірткіні насихаттау фактілерін анықтады, – деп хабарлайды 247media.kz

Облыс прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында өңірде есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм-каналдарды, Instagram-парақшаларын және интернет-сайттарды анықтады.

Атап айтқанда, Telegram және Instagram интернет-платформаларында жасырын бетбелгілермен айналысатын курьерлер арқылы ақша табу жолдары туралы көптеген ұсыныс табылды.

Бұл жарнамалар көбінесе заңды табыс ретінде жасырылады. Мысалы, жоғары жалақыға «қалыптаушылар» немесе «жеткізушілер» қажет деп көрсетіледі.

Нәтижесінде, «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесінің көмегімен, есірткіні жарнамалайтын және заңсыз табыс табу туралы ұсыныстар бар 250 интернет-сайт бұғатталды.

«Есірткі курьерлері» немесе «есірткіні жарнамалаушылар» түріндегі күмәнді табыс үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабына сәйкес есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз өндiру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау үшiн 5 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған