МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркебұлан Рысқұлбек Приозерск ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тәртіпті сақтау, Әдеп кодексінің талаптарын орындау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде заң талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, жиында мемлекеттік қызметшілер тарапынан жиі кездесетін әдеп бұзушылықтарының себептері мен салдарына тоқталып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы мен рөлі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі әдеп мәдениетін нығайтудың маңыздылығы жайлы да айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

