МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркебұлан Рысқұлбек “Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті” ММ қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіп пен жауапкершілік мәселелері бойынша кең көлемде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, әдеп жөніндегі уәкілдің рөлі, сондай-ақ заңбұзушылықтарға жол бермеу тетіктері түсіндірілді.
Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті қызметінде туындайтын жағдайларды талқылап, нақты мысалдар арқылы түсініктеме алды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыруға, қызметшілердің құқықтық сауаттылығын нығайтуға және профилактикалық мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал етеді.

