Нұрлан Дулатбеков «Құрмет» орденімен марапатталды

By admin Июн 2, 2022

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Марапаттар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін бірқатар ғалымдарға берілді.

«Құрмет» ордені» Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ ректоры Нұрлан Дулатбековке берілді.

Нұрлан Дулатбеков – заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі. 2020 жылдың тамыз айынан бастап Е. Бөкетов атындағы ҚарУ басқарады.

By admin

Related Post

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *