ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ – ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ ШАРТЫ
Қарағанды қаласындағы №3 емханада азаматтық қоғам өкілдері және МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерінің қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
✅ Бақылаудың негізгі мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін бағалау, сондай-ақ халыққа қолайлы жағдайлардың жасалу деңгейін анықтау.
✅ Қоғамдық бақылау нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жоюға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді. Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді.
✅ Департамент мұндай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруды тұрақты бақылауда ұстап келеді.