Олимпиаданың аяқталуына бес күн қалды: медаль көрсеткіштері бойынша көш басында кімдер тұр

Просмотров: 27
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына бес күн қалды. Қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, бірінші орын үшін АҚШ пен Қытай арасында қызу тартыс жүріп жатыр, деп хабарлайды 247media.kz

Әзірге АҚШ спортшылары көш бастап тұр, олардың қоржынында 86 медаль бар: 24 алтын, 31 күміс және 31 қола.

ХОК ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, американдықтардың басты бәсекелестері-Қытай спортшылары-жалпы есептің екінші орынында. Оларда 59 медаль (22, 21, 16) жинағы бар.

Үздік үштікті Австралиялық 35 (14, 12, 9) спортшылар аяқтап тұр. Ал, Қазақстан құрамасы отызыншы орында көрінуде. Әзірге, ел қоржынында 5 медаль бар: 1 алтын, 1 күміс, 3 қола.

Париж Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың 7 тамыздағы жарыс кестесін мына жерден көре аласыз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған