«Орталық» өңірлік қолбасшылығында жол-көлік оқиғаларына арналған техникалық конференция өтті
2025 жылғы 16 мамыр күні Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларды талдау мәселелеріне арналған техникалық конференция өтті. Аталған іс-шараға қолбасшылық құрам, әскери бөлімдер мен мекемелердің техникалық қызмет басшылары қатысты.
Конференцияның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының себептерін жан-жақты зерделеу, оларды болдырмау бойынша тәжірибе алмасу және техникалық қауіпсіздікті арттыру.
Іс-шараны өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы, генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков ашты. Ол өз сөзінде әскери бөлімдердегі көліктердің техникалық жай-күйін бақылау, жүргізушілердің кәсіби даярлығы мен тәртібі – қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігінің маңызды факторы екенін атап өтті. Сонымен қатар аталмшы іс-шараға әскери прокурор Данияр Бекдаирұлы да қатысты.
Конференция барысында жол-көлік оқиғаларына байланысты нақты деректер мен мысалдар келтіріліп, олардың салдары мен алдын алу жолдары жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ әскери автокөліктердің техникалық байқау жүйесін жетілдіру, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар болашақта орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі.