ОСИ және КСК жетекшілерімен жұмыс кездесуі өтті

Просмотров: 7

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция өкілдері қаладағы ОСИ және КСК жетекшілерімен жұмыс кездесуін өткізіп, конституциялық өзгерістердің мазмұнын талқылады.

Жиынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясындағы өзгерістердің маңызын түсіндіру және олардың жергілікті басқару жүйесіне ықпалын саралау болды. Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты тетіктер, азаматтардың жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндіктері, қоғамдық бақылауды күшейту және басқарудағы ашықтық мәселелері сөз қозғалды.

Қатысушылар ұсынылып отырған реформалардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге, жауапкершілікті арттыруға және тұрғындардың белсенділігін ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Еркін форматта өткен басқосуда жетекшілер өз пікірлерін білдіріп, өзекті сұрақтарын ортаға салды.

Мұндай жұмыс кездесулері жергілікті деңгейде ортақ түсінік қалыптастырып, тиімді басқару мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған