Париж-2024: Дзюдодан Қазақстан құрамасының алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының Париж олимпиадасындағы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дзюдошылар Париж олимпиадасында жарыс алаңына алғашқы болып шығады. Қазақстандық дзюдошылардың Париж татамиінде кімдерге қарсы күресетіні белгілі болды.
Ерлер:
60 келі. Елдос Сметов – Торнике Чакадуа (Нидерланд)
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев- Давид Гарсия Торне (Испания)
73 келі. Данияр Шамшаев – Мұроджон Юлдашев (Өзбекстан)
81 келі. Абылайхан Жұбаназар (екінші айналым) – Атилла Унгвари (Венгрия)
100 келі. Нұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия)
Әйелдер:
48 келі. Әбиба Әбужақынова – Шира Ришони (Израиль)
63 келі. Эсмигуль Куюлова – Лубьяна Пиовесана (Австрия)
+78 келі. Камила Берліқаш – Адиясурен Амарсайхан (Моңғолия)
Айта кетейік, ертең алғаш болып татамиге Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова шығады. D тобына түскен Әбибаның финалға дейін жетуге мүмкіндігі болса, Елдостың тобында кіл мықтылар жиналған.