Париж-2024: Садақшыларымыздың қарсыластары белгілі болды

Просмотров: 26

Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын садақ атушыларымыздың қарсыластары анықталды. Бұл туралы  247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Париж олимпиадасында садақ атудан өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды. Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинағаннан соң Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр. 1/32 айналымда Ильфат Абдуллин канадалық Эрик Петерске қарсы күш сынасса, Александр Еременко жергілікті спортшы Аддис Баптистамен өзара мықтыны анықтайды. Ал Дәулеткелді Жаңбырбай колумбиялық Хорхе Энрикске қарсы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінсе, Ильфат Абдуллин 29-орын, Александр Еременко 59-орынға жайғасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған