Педагогикалық ұжыммен Конституциялық реформа талқыланды

Просмотров: 9

Қаламызда Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге бағытталған кездесулер жалғасуда. Қалалық коалиция мүшелері №10 ЖББМ КММ ұжымымен кездесу өткізіп, конституциялық өзгерістерді жан-жақты түсіндіру және педагогтер қауымымен пікір алмасуды мақсат етті.

Жиын барысында реформалардың мәні, олардың қоғам өміріндегі рөлі және әр азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігі кеңінен сөз болды. Әсіресе құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық белсенділік пен заң үстемдігін нығайту мәселелері талқыланды. Ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріліп, өзекті тақырыптар ашық әрі мазмұнды форматта қарастырылды.

Білім саласының өкілдерімен мұндай кездесулер – түсіндіру жұмысының маңызды бағыты. Себебі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаздардың көзқарасы мен азаматтық ұстанымы қоғамда құндылықтар жүйесін қалыптастыруда айрықша рөл атқарады. Осындай диалог алаңдары ортақ түсінікті нығайтып, реформалардың мәнін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған