Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

Просмотров: 8

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған.

Жыл басынан бері 8 757 орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілгені атап өтілді. Жыл соңына дейін 1 983 орындық тағы 5 жатақхана қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Жалпы, 2018 жылдан бері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 72,5%-ға: 2018-2019 оқу жылындағы 61,4 мың орыннан 2024-2025 оқу жылындағы 16,9 мың орынға дейін қысқарды. Бұл студенттердің өмір сүру жағдайының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған