«Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойынының жеңімпаздары марапатталды

Просмотров: 8

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылған күніне орай Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойынының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады.


Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық нарративі мен «Адал Азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы аясында жасөспірімдердің қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және оларды заманауи қатерлерден қорғауға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойынын өткізді.
Ойын ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп AML Academy тарапынан әзірленіп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Жоба жасөспірімдердің қаржылық алаяқтық схемалары туралы білімін нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда, қаржылық пирамидалар, дропперлік, фишинг және цифрлық гигиена мәселелері қамтылған.
Мұндай тәуекелдер жастарға жиі әсер ететіндіктен, тек алдын алу ғана емес, сонымен қатар цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлықты тәжірибелік тұрғыда үйрету аса маңызды.
«Qarzhy Saqshysy» ойынының форматы 10–11 сынып оқушылары мен колледж студенттеріне бейімделген интерактивті тапсырмалардан, шағын жағдайлар мен қаржылық қауіпсіздікке қатысты сұрақтардан тұрады.
Ойын форматы қаржылық қауіпсіздік бойынша негізгі дағдыларды тиімді меңгеруге және цифрлық кеңістікте шешім қабылдау кезінде тұрақты сыни ойлауды қалыптастыруға ықпал етеді», – делінген хабарламада.
Аталған жоба жасөспірімдер арасында қаржылық қауіпсіздік туралы білімді қалыптастыру мен цифрлық ортада жауапты мінез-құлықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
Ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен 800 мың қатысушы қатысып, нәтижесінде үздіктер анықталды.
120 облыстық және 684 аудандық жеңімпаз айқындалды.
Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск қалаларының, сондай-ақ Абай және Бұқар жырау аудандарының облыстық деңгейдегі жеңімпаздарына планшеттер, рюкзактар және естелік сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімдері Қарағанды облысының барлық өңірлерінде өткізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған