ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Шыңғыс Әрінов министрлік қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, құтқарушыларды, курсанттарды және қызметшілерді кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды 247media.kz
«Бүгін Сіздердің қызметке деген адалдықтарыңыз бен батылдықтарыңызды бейнелейтін күн. Күнделікті ерліктеріңіз қоғам үшін баға жетпес іс және әрқайсыларыңызды осы үшін мен мақтан тұтамын. Төтенше жағдайлар министрлігі күрделі қызметтеріңізді жоғары бағалап, Сіздерді әлеуметтік, тұрғын үймен және материалдық-техникалық қамсыздандыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастырады. Құтқарушы күні Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен зор денсаулық, бақ-береке мен маңызды істеріңізде жетістіктер тілеймін! Еліміздің қауіпсіздігі үшін атқаратын қызметтеріңіз табысты болсын!».
Айта кетсек, бүгін Қазақстанда құтқарушылар күні аталып өтілуде. Биыл 19 қазанда азаматтық қорғау органдарына 29 жыл толады.