«REN-Milk» жаңа Конституция жобасын қолдайды

Просмотров: 9

Теміртау қаласындағы «Торговый дом REN-Milk» ЖШС еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын білдірді.

Компания директоры Денис Кучумовтың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға, экономиканы дамытуға және бизнес үшін тұрақты жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Оның сөзінше, жоба мәтінінде әлеуметтік қорғау, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына ерекше мән берілген. Бұл, өз кезегінде, қоғамның әрі қарай орнықты дамуына берік негіз қалыптастырады.

Кәсіпорын ұжымы алдағы референдумда жаңа Конституция жобасын қолдап, ел болашағы үшін маңызды шешімді саналы түрде қабылдауға ниетті екендерін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған