«Ұрпағымызды қарызға белшесінен батырамыз»: Депутат республикалық бюджет жобасын сынап тастады

Просмотров: 30

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров 2025-2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын сынға алды. Оны бюджет тапшылығы мен Қазақстанның жылдар бойы қайтаратын үлкен қарызға кіргені алаңдатады. Бұл туралы 247media.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлан Сайыров бюджет тапшылығына байланысты Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмринге сауал жолдады.

“Президент Тоқаев өзінің жолдауында қары саласында көрпеге қарай көсілу керегін айтты. Бюджетке қарайтын болсақ, болашақ ұрпағымызды қарызға белшесінен батыратын тәріздіміз. Өзіңіздің баяндамаңыздан мысал келтірейін. Салықтар – 15 триллион теңге, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт – 2 триллион теңге, Ұлттық қордан нысаналық трансферт – 3,2 триллион теңге, бюджеттің тапшылығы – 4,8 триллион теңге. Осы 4,8 триллион теңгені сіздер қарызға алғалы отырсыздар. 25,7 триллион теңгенің 10%-ы, яғни, 2,5 триллион қарызды сіздер қазірдің өзіндетөлеп отырсыздар. Сонда бюджеттің 15%-ы тек қана қарыз өтеумен кетеді деген сөз. Осы 4,8 триллион теңгені сіздер қандай мөлшермен алып отырсыздар? Пайызды есептегенде ол біздің халыққа қанша сомаға жетеді? Өзіңіз оптимизммен баяндама жасадыңыз, осы қалпымызбен бізде оптимистік трагедия болмады ма”, – деп сұрақ қойды Ерлан Сайыров.

Депутаттың бұл сауалына Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жауап берді. Ол мемлекеттік қаржының теңгерімсіздігін мойындады. Айтуынша, кірістер шығыстарға қарағанда баяу өсуде. Ол бұл мәселенің әлеуметтік төлемдерді үлкен шығынға ұшыратқан коронавирустық пандемия кезінен бастау алғанын айтады.

“Мұның себебі түсінікті, естеріңізде болса – бұл пандемия кезеңі, пандемиядан кейінгі кезеңі, содан кейін қаңтар оқиғасы болды. Біз Ұлттық қордан жыл сайын шамамен 4,5-5 триллион теңге трансферт алып отырдық. Айта кетейік, біз негізгі шығындарға қатысты барлық бюджетті қабылдап алдық. Бұл әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік жәрдемақылар, жалақылар, мемлекеттік тапсырмалар сынды әлеуметтік қажеттіліктер өсіп келеді”, – дейді Азамат Әмрин.



Айта кетейік, трансферттерді есепке алмағанда, жоспардағы кіріс – 15,6 триллион теңге. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайызын құрайды. 2025 жылға арналған бюджет шығыстары кірістер мен тапшылықтарды ескере отырып, өткен жылмен салыстырғанда 1,7 триллион теңгеге өсіп, 25,8 триллион теңгеге тесеседі деп жоспарлануда.

Әлеуметтік салаға 9,8 триллион теңге жұмсалады. Жалпы шығыстардың үлесі 2025 жылы 38%-ға тең.

  • Әлеуметтік төлемдер – 6 триллион теңге, әлеуметтік төлемдерді индекстеу және төлемдерді алушылар санының ұлғаюын ескере отырып, индекстеу мен алушылар санын ұлғайтуға қосымша 626 миллиард теңге бөлінеді;
  • Білім беруді дамытуға – 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. Бакалавриат студенттері орта есеппен 52 мың теңге, магистранттар – 117 мың теңге шәкіртақы алады. Гранттар көбейіп, 78 мың жас қазақстандықтар грант ала алады, студенттерге жеңілдетілген жол жүру бағасы қымбаттап, шамамен 16 мың теңге болмақ;
  • Денсаулық сақтау саласына – 2,4 триллион теңге жұмсалмақ. Мемлекет жарналарының мөлшерлемесін 1,9-дан 12%-ға дейін арттырады, жалақы өседі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көлемі – 1,6 триллион теңге, міндетті медициналық сақтандыру көлемі – 675 миллиард теңге болмақ.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық студенттердің шәкіртақы көлемі орта есеппен 15-20% артатыны туралы жазған едік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған