Ұландықтар жоғалған әмианды иесіне қайтарды

Просмотров: 34

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні шамамен 20:10 кезінде Астана қаласы Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ефрейтор Ильченко Кирил бастаған әскери жасақ жоғалған әмиан мен телефонды иесіне қайтарады. 

Біржансал Иманжүсіп көшесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында әскери қызметкерлер жерде жатқан телефон мен әмианды тауып алады. Жедел түрде көрші бағдарларға ақпарат жеткізіп, аталмыш заттардың иесін тауып заттарды қайтарып береді. Өз кезегінде телефон иесі ұландықтарға алғысын айтады.

  • Мен көшеде серуендеп жүрген кезінде, қалтамнан ұялы телефоныммен әмианымның түсіп қалғаның байқамай қалыппын. Бір сәтте ұялы телефонымды іздеп, әбігерге салынды. Алайда, Ұлттық ұлан әскери қызметкерлерінің арқасында ұялы телефоным мен әмианым табылып барлығы өз орнына келді-деді ұялы телефон иесі.

Бүгінгі таңда, ұландықтардың қырағылығының арқасында жоғалған заттар иесіне қайтарылып, қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілуде.

 

                                                                                                                                                                                             ҚР ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *