Спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті
Теміртау қаласында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесулер жалғасуда. Бүгін қалалық коалиция мүшелері «Жастар бассейні» спорт кешенінде қаладағы спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Коалиция мүшелері қатысушыларға ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары туралы айтып, олардың қоғам дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі маңызына тоқталды.
Сонымен қатар алдағы референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, әр азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы рөлі атап өтілді. Спорт саласының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ашық диалогқа қатысты.
Мұндай кездесулер спорт саласының қызметкерлерін маңызды қоғамдық-саяси үдерістер туралы ақпараттандыруға және азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.

