Светлана Харченко: «Жаңа Конституция мәдениетті қолдап, балалардың мүддесін қорғайды»

Просмотров: 9

Теміртау қаласында жаңа Конституция жобасына қатысты қоғамдық талқылаулар жалғасуда. Алдағы референдум мен ұсынылып отырған өзгерістердің маңызы туралы өз пікірін «Глория» үлгілі ансамблінің жетекшісі Светлана Харченко білдірді.

Оның айтуынша, балаларды өнерге баулу – жас ұрпақтың тұлғалық дамуына зор әсер етеді. Би арқылы балалардың шығармашылық қабілеті ашылып қана қоймай, олардың мәдениетке, дәстүрге және рухани құндылықтарға деген құрметі қалыптасады.

«Мен би арқылы балаларды өнерге баулимын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеймін. Мен үшін өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани бай, шығармашылық тұрғыдан дамыған және сұлулықты, дәстүр мен мәдени мұраны қадірлей білетін болып қалыптасуы өте маңызды», – деді Светлана Харченко.

Ол 15 наурызда өтетін референдумның ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, жаңа Конституция жобасы адам құқықтарын нығайтуға, балалар мен отбасының мүддесін қорғауға, сондай-ақ мәдениет пен өнердің дамуын қолдауға бағытталған.

Светлана Харченко мұндай өзгерістер болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуына және ұлттық мәдениеттің өркендеуіне берік негіз қалайды деп есептейді.

«Мен жаңа Конституцияны қолдаймын», – деп түйіндеді «Глория» ансамблінің жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған