Теміртауда алиментті қасақана төлемей жүрген екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Просмотров: 26
Теміртау қаласының екі тұрғыны бірнеше жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, жалпы қарыздары 5,2 миллион теңгені құраған.

Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасады. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Сот екі борышкерге де пробациялық бақылау орната отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, 2024 жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша тағы үш қылмыстық іс тіркелді, олар қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында.

2023 жылдан бері Теміртау қаласында алимент төлемеген 43 азамат Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған