Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басты

Просмотров: 12
Теміртауда жылу құбыры жарылып, көшелерге ыстық су жайылды, деп хабарлайды 247media.kz

Instagram-дағы V_krg парақшасында ыстық су жайылған қала көшелерін сипаттайтын бірнеше видео жарияланды. Видео авторларының айтуынша, бұл жайт Теміртауда болған.

«Теміртауда құбыр жарылып, көшедегі ыстық суға балалар мен әйелдер күйіп қала жаздауда», делінген хабарламада.

Көп ұзамай қала әкімдігі бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, 10 қыркүйекте «Оқжетпес-Т» ЖШС қаланың жылу желілеріне температуралық сынақтар жүргізгенін (Қарағанды облысында жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес) жеткізді.

«Бұған дейін компания тұтынушыларды әлеуметтік желілер, БАҚ, аудандардың ОКМС арқылы хабардар еткен болатын. №1 ЖМ ескі учаскесінде (жөндеумен қамтылмаған) ауа компенсаторында, Ду 600 мм (Байсейітова/Құрылысшылар) апат орын алды. Қазіргі уақытта «Оқжетпес-Т» ЖШС күштерімен апатты жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы оқиға барысында зардап шеккендер жоқ, жол учаскесі жабылды», делінген әкімдік хабарламасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған