Қазақстанда жұмыс күні қысқаруы мүмкін бе

Просмотров: 36
Бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты, жұмыс күні қысқаруы мүмкін бе. Елді толғандырған сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берді.

Светлана Жақыпова қолданыстағы еңбек заңнамасы ыңғайлы әрі қызметкерге қолайлы жұмыс кестесін құруға мүмкіндік береді деп отыр.

Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, сегіз сағаттан бес күн еңбекке тартыласыз.

Ал жұмысқа шығу және кету уақытын жұмыс берушінің келісімімен ауыстыруға болады. Мәселен, әртүрлі жастағы балаңыз бар дейік.

Біреуі балабақшаға, екіншісін мектепке апаруыңыз керек. Мұндай жағдайда жұмыс күніңізді 2 сағатқа созуға немесе кеш келуге болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Немесе түскі уақытты үнемдеп, жұмыс істеп, үйге ерте шыға аласыз. Кез келген жұмыс беруші ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін осы шараларға барады деп атап өтті министр.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған