Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауға қатысты пікір білдірді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазандағы БРИКС плюс саммитінде сөз сөйледі, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазандағы БРИКС плюс саммитінде сөз сөйледі, – деп хабарлайды 247media.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан БРИКС-ті жаһандық прогрестің қозғаушы күштерінің бірі ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, ол Қазақстан БРИКС кеңістігінде транзиттік-көліктік ынтымақтастықты нығайту үшін тығыз өзара іс-қимылға дайын екенін мәлімдеді. Қазақстан «белдеу және жол» бастамасын, сондай-ақ «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға ерекше мән береді.