Тоқаев Гвинея-Бисау президентімен телефон арқылы сөйлесті
2024 жылы 21 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды 247media.kz
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.
Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.Айта кетсек, 2024 жылы 21 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.