Тоқаев ҚМА жаңа басшысын тағайындады

Просмотров: 10
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) жаңа басшысын тағайындады, деп хабарлайды 247media.kz

Тоқаев тиісті жарлыққа 2024 жылдың 16 қыркүйегінде қол қойды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ал Мемлекет басшысының екінші  Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған