ҚР ТЖМ баспасөз қызметі көлік жүргізушілеріне қыста керек бірқатар кеңестермен бөлісті. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде қажет құралдар тізімін жариялады, деп хабарлайды 247media.kz.
Қыста көлік жүргізушілеріне қажет болатын төтенше жағдайлар жинағы:
- Буксирлеу арқаны
- Күрек
- Іске қосу сымдары
- Жедел жәрдем қобдишасы
- Жылы киімдер мен көрпе
- Шам және қосымша батареялар
- Су мен жеңіл тамақ
- Тайғанамауға арналған төсеніштер немесе құм
- Мұз қыруға арналған құрал мен қар тазалағыш щетка
- Зарядталған телефон мен powerbank

