ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Просмотров: 217

 Президент Қ.Тоқаев халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай, «AMANAT» партиясының Жастар Рухы жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалы «Enbek.Bolashaq.Damu» байқауын жариялайды. 8-17 қараша аралығында кәсіби жұмысыңыз, отбасындағы жұмысшылар әулеті, кәсіби және жеке жетістіктеріңіз туралы бейне жариялаңыз.Постта @jastarruhy.qaragandy, @amanat_qaragandy_oblysy белгілеңіз, #EnbekBolashaqDamu #Жастар Рухы хештегтерін қойыңыз.
Бейне Reels форматында 9:16, 16:9 болуы керек, бейне ұзақтығы 1,5 минуттан аспауы тиіс. 18 қарашада 10 үздік бейнероликті анықтау бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтеді.
19 қарашада @jastarruhy.qaragandy парақшасында ең үздік бейнероликтер жарияланады және біз жеңімпазды дауыс беру арқылы анықтаймыз.
Жеңімпазды марапаттау 22 қарашада Қарағанды облысының жастар слетінде өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *